$ 494.87  520.65  4.91

Сатушысы жоқ дүкен енді Өскеменде ашылды

Ең қызығы, тұтынушылар сатушысы жоқ сөрелерден өзіне керекті заттарын сатып алып, ақшасын қасында тұрған арнайы қорапқа салып кетеді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Егер ақшасы тауар бағасынан артық болса, қайтарымын сол қораптан ала алады. Әр заттың бағасы өзінде көрсетіліп жазылған.

– Бұл арқылы біз әр бір адамның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Себебі, көп ретте адамдар мені камерадан көріп тұр және басқалар қарап тұр деп, өзін дұрыс ұстауға тырысады. Ал бұл бастамада ешкім қарап тұрмаған жерде де, адамдардың ішкі мәдениеттілігін анықтауға болады. Аталған бастаманы бүгінгі Тұңғыш Президент күніне және 9 желтоқсан – халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай қолға алдық, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.

Айта кетерлігі, департаменттің бастамасын өңірдегі ЖОО мен колледждер, мектептер қызу қолдауда. Жоба арқылы кез-келген кәсіпкер өз өнімін саудаға шығара алады.

Еске салайық, бұған дейін дәл осындай сатушысы жоқ дүкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жанынан ашылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары