14.09.2015, 07:33

Байқоңырдан тағы да протон ұшырылатын болды

www.tvc.ru

Ресейлік «Экспресс-АМ8» спутниктік байланысы орнатылған «Протон» ракетка тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағына орналастырылды.

Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, “Протон” Астана уақыты бойынша дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні cағат 01.00-де ұшырылады.

Бұл былтыр мамыр айында құлаған “Протоннан” кейін Байқоңырдан үшырылатын екінші ракетка тасығыш болмақ.

«Протон» апатынан кейін Қазақстанда бірқатар белсенді «Антигептил» экологиялық тобына бірігіп, Астанада қарсылық шараларын ұйымдастырған.

Азаттық