Дүйсенбі күні KASE-де теңге құны 24,41 теңгеге төмендеді. «KASE қор биржасының 2015 жылдың 14 қыркүйегінде күндізгі саудасы доллардың орташа бағамы 273,55 теңге көрсеткішінде ашылды», — деп хабарлайды Қазақстандық қор биржасының баспасөз қызметі.
KASE ақпараты бойынша, дүйсенбі күннің таңғы сессиясында минималды баға доллар үшін 265 теңге; ал максималды баға 282 теңге. Сауданың жабылу мөлшері 1 доллар 282 теңге. Сауда-саттық көлемі 28 млн 300 мың долларды құрады. Валюталармен сауда-саттық саны -57.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Енді теңге бағамы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырылып ұсынылады.