$ 494.87  520.65  4.91

Мұнайдың әлемдік бағасы біршама көтерілді

Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы едәуір көтерілді деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,222 долларға жоғарылап, 61,9 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 2,02 долларға қымбаттап, баррелінің бағасы 52,95 доллар болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары