$ 524.58  551.91  4.93

Қазақстандық ұшақта сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық жігіт сүйіктісіне ұшақтың ішінде көктен 10 мың метр биіктікте үйленуге ұсыныс жасады деп жазады Lada.kz.

Екі жас Ақтауға ұшып бара жатқан. Жігіт алдын-ала ұшақтың экипаж мүшелерімен келісіп қойған көрінеді. Стюардесса дауыстап ұшақтағы Айжан есімді қызға ерекше тосын сый бар екенін хабарлайды. Сол уақытта жігіт қыздың алдында тізерлеп, өзіне үйленуге ұсыныс жасайды.

«Біз Айжан екеуміз Ақтауға ұшып бара жатқанбыз. Жарты жолға жеткенде борсерік әдеттегідей микрофон арқылы барлығымызға хабарлама жасады. Артынша «Айжан Меңдіғарина сізге бір адам тосынсый жасайды» деді. Осы сәтте мен микрофонмен сүйіктімнің маған тұрмысқа шығуына ұсыныс жасадым. Қолымда гүл, оның алдына тізерлеп отырдым. Ол маған «Иә» деп өз келісімін берді. Саусағына сақина тақтым. Бәрі қол шапалақтады», – дейді жігіт.

Бұл сәтті жолаушылар ғана емес, бортсеріктері де видеоға түсіріп алған екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары