Өскеменде 50 жастағы ер адам әйелді ұрып, кейін зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің өзі 5518 әскери бөлімшесіне хабарлаған.
Космическая көшесінің тұрғыны өзін белгісіз ер адамның сабап, кейін келісімінсіз зорлап тастағанын хабарлаған. 3 желтоқсан күні сағат 17:20-да аға сержант Дулат Трумов №5 үйдің маңынан күдікті ер адамды ұстаған. Құжатында 50 жас деп көрсетілген ер кісі қорқақтап қашып кеткен. Кинология қызметінің инструкторы Сержан Мади Такиев Сэм атты итімен күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді.
Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz