$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда көлік жаяу жүргіншілерге арналған жолақта әйелді қағып кетті

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Carolla автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақта әйелді қағып кетті деп жазады ИнАктау.

Жол апаты таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Көлік 44 жастағы әйелді қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатыпты.

«Автокөліктің жүргізушісі жылдамдықты бәсеңдетпестен, әйелді қағып кетті. Соққыдан ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан 15 метрге ұшқан. Бетінің қан болғанына қарағанда соққыны басынан алған секілді», – дейді куәгерлер.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, әйел жабық бас-ми жарақатын алған. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары