Ақтөбе полицейлері 40 жастағы ер адамды ұрлық жасады деген күдікпен ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Күдікті бірнеше тұрғын үй мен саяжайдан үй шаруашылығына қажетті заттарды және киімдерді ұрлаған.
Ер адамның осы уақытқа дейін 19 ұрлыққа қатысы бары анықталды. Айыпталушы қамауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: Newtimes.kz