$ 447.4  477.55  4.76

АҚШ ғарыш агенттігі Жерге қауіпті Бенну астероидын көрсетті (ВИДЕО)

Ролик 2 жыл ішінде екі миллиард миль жүріп өткен OSIRIS-REx ғаламшараралық станциясының көмегімен түсірілген деп жазады BAQ.KZ.

NASA ғарыш агенттігі Жерге ең қауіпті астероид Беннуды видеоға түсіріп алды. Бұл ролик НАСА-ның «Твитердегі» ресми парақшасында жарияланды.

Астрономиялық нысанның айналып тұрған бейнесін OSIRIS-REx ғаламшараралық станцияның көмегімен түсіріп алған. Роликті жасау үшін аппаратқа екі жылда екі миллиард мильді жүріп өту керек болған.

Ғаламшараралық станция бір жыл аралығында астероидты зерттейді, одан кейін ғарыштық зонд Беннудың үлгілерін алмақ. OSIRIS-REx жерге 2023 жылдың қыркүйегінде оралады деп жоспарланған.

Астрономдардың есептеуіне қарғанда, ғарыш денесі 2182 жылы біздің ғалам шарға жақын келеді. 2013 жылы ол жерге ең қауіпті нысан болған еді. Бұған дейін Апофис астероиды өте қауіпті болып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары