Қарағанды тұрғыны пәтерінде өрмелеп жүрген жыланды көргенде шошып қалған деп хабарлайды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
3 желтоқсан күні Ержанов көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінің бірінен жылан шыққаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар жасағы келген.
Үйдің иесі жыланды қонақ бөлмесінен көріпті. Құтқарушылар тобын шақырғанша, жылан басқа бөлмеге өтіп кеткен.
Алайда, құтқарушылар көп кешікпей жыланды ас үйден табады. Оның улы жыландар тобына жатпайтыны анықталған. Қайдан келгені және пәтерге қалай тап болғаны да белгісіз. Жылан ветеринарға берілді.
Дереккөз: Тengrinews.kz