Қостанайда сәби орындықтың тесігіне басын кіргізіп, қайта шығара алмай қалған деп жазады Alau.kz.
Бұл оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйел орындыққа қысылып қалған немересінің басын шығару үшін құтқарушыларды шақырады.
Екі жасар қызды ата-анасы әжесімен бірге үйге тастап кеткен.
«Сәби ойнап отырған. Сол сәтте басын ағаш орындықтың арасына кіргізіп алыпты. Алайда, әжесі немересінің басын шығара алмаған. Сөйтіп құтқарушылар тобын шақырыпты», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Бала ешқандай жарақат алмаған.