Қостанай облысында 45 жастағы әйелдің денесі табылды деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға 2 желтоқсан күні Қостанай ауданында болған.
45 жастағы әйел 1 желтоқсан күні таңертең Затобол ауылындағы үйінен шіркеуге шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Арада бір күн өткенде тұрғындар марқұмның денесін саяжайдан тапты.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімет таратқан жоқ.