Семейде университетте бірге оқыған топтастарымен кездесуге кеткен 29 жастағы Елена Свиридова жоғалып кетті деп жазады Altaynews.kz.
Еленаның күйеуінің айтуынша, әйеліне күтпеген жерден достары қоңырау шалып, оны кездесуге шақырған.
2 сағаттан кейін Елена күйеуіне хабарласып, кездесуде отырғанын айтқан. Тағы 2 сағат өткеннен кейін телефонын сөндіріп тастаған.
Кейін әйелдің не сыныптастарымен, не группаластарымен кездеспегені белгілі болған.
Полицейлер мен еріктілер қазір іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.