06.12.2018, 09:59

Назарбаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды деп жазады Ақорда.

«Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді», – делінген хабарламада.