Ақмола облысында «Қазпошта» қызметкері қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартты. Бұл туралы видеоны қазақ тілінің жанашыры, түрік журналисі Оғыз Доған өз Facebook-парақшасында бөлісті.
Бейнежазбада «Қазпоштаға» келген ер адам қызметкерден өзіне мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін талап еткен. Алайда, «Қазпошта» қызметкері өзінің қазақ тілінде сөйлегісі келмейтінін айтып, қызмет көрсетуден бас тартады. Мемлекеттік тілде емес, ағылшынша жауап бере алатынын жеткізген.
«Жергілікті облыстық «Қазпошта» қызметкері маған қазақ тілінде жауап беруден және мемлекеттік тілден бас тартып отыр. Келген клиентке «Орысша сөйле» деп қызмет көрсетпей қойды. «Қазпошта» басшысынан осы мәселеге назар аударуын сұраймын», – дейді кадр сыртындағы ер адам.