$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде ер адам құрбысын жезөкшелікке мәжбүрлеген

Өскеменде 39 жастағы ер адам құрбысын жезөкшелікке мәжбүрлеген деп жазады Altaynews.kz.  

Облыста 22-26 қараша күндері жүргізілген «STOР трафик» жедел-алдын алу шарасының барысында әйелдердің тәнін саудалаған күдікті анықталды.

«26 жастағы әйелді мамыр-маусым айларында күштеп жезөкшелік жолға салған күдікті ұсталды. Ол 39 жастағы Өскемен тұрғыны», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 1-бөлім 308-бабы және 2-бөлім 3-тармақша 126 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, аталмыш шара барысында жеңгетайлық жолмен пайда таппақ болған 4 жағдай әшкереленген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары