$ 514.65  544.6  5.17

Шұжықтан уланған 2 жасар қыздың өліміне қатысты тергеу қорытындысы шықты

Ақмола облысында екі жасар қыздың өлімінің себебі анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі. 

Өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 20 қазанда Бурабай ауданында екі жасар қыздың қазасынан кейін тергеу жүргізген.

«Баланың өліміне шұжық өнімінен улану себеп болды деген дерек расталмады. Мәйітті сою нәтижесі көрсеткендей, жіті ротавирустық жұқпаның асқазан мен ішекті зақымдауы салдарынан ағза қатты уланып, сәби көз жұмған», — деп мәлімет берді ведомство.

Департамент түсіндіргендей, дәрігерлердің іс-әрекетінде кемшіліктер анықталған. Дәлірек айтқанда, баланың халін дұрыс бағаламау, медициналық жәрдемнің сапалы орындалмауы, жеткіліксіз емдік шаралары.

«Тексеру материалы Бурабай ауданы полициясы мен денсаулық ақтау басқармасына жіберілді», — деп хабарлайды ведомство.

Естеріңізге салар болсақ, Бурабай ауданы ауруханасына 17 қарашада үш бала түскен. Үш тәуліктен соң екі жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Өлімнің бастапқы себебі шұжықтан улану деп аталғанымен, кейінірек бұл ақпарат расталмады.

Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, қыз баланың өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары