Атырау тұрғындары сауда орталығының маңынан ер адамның өлі денесін тапты деп жазады NUR.KZ.
Ер адамның денесін тұрғындар Датов көшесіндегі «Арын» сауда орталығының маңынан көрген. Дереу полицияға хабар берген.
«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.