Қостанай облысы Жетіқара қаласының 82 жастағы тұрғыны 3 аптадан бері із-түзсіз жоқ деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
17 қараша күні таңертеңгі сағат 10:00 шамасында әжей қол сөмкесін алып, үйден шығып кеткен. Содан бері оны көрген-білгендер жоқ.
Полицейлер тұрғынның бірінші рет жоғалып кеткенін айтады. Орта бойлы, көк көзді әйелді іздестіру шарасы жалғасып жатыр.