Сәуір айында ғана қызды болған Бүркіт Аишадан тағы бір қыз бен ұл бала туып беруін қалайды екен. Бұл туралы ол «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.
Бағдарлама жүргізушілері Бүркіттен 3 тілек жазуын сұраған. Әнші болса, алғашқы арманын тағы да сәбилі болсам деп бастаған.
«1. Тағы бір ұл, бір қыз. 2. Өмірлік жарым бол. 3. Келесі кинода басты рөлді сомда», – деп жазған әнші.
Ал Аиша болса, тілектерінің барлығын материалдық заттармен байланыстырыпты.
Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша бүгінде 2 ұл мен 1 қыз тірбиелеп отыр.