$ 494.87  520.65  4.91

Мас келіншек күйеуін пышақтап тастады

Павлодарлық полицейлер 34 жастағын жолдасын пышақтап өлтірген 31 жастағы азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинова хабарлады.

Қайғылы оқиға үстіміздегі жылғы 14-қыркүйекте орын алды. Полицейлер жедел түрде қылмыстың бетін ашып, күдіктіні ұстады. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойыншы сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары барысында ерлі-зайыптылар спирттік ішімдіктерді ішкен соң жанжалдасып, соңы өлімге апарғаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, олар бір жылға жуық уақыт азаматтық некеде тұрған. Балалары болмаған. Қазіргі таңда күдікті азаматша тұтқындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары