$ 443.85  474.3  4.8

ЭКСПО-дан ұрланған қаражат 10 млрд теңгеден асады

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бюджетінен ұрланған қаражат саны 10 млрд теңгеден асып жығылады.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қымет істері жэәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Парламент Мәжілісінде өткен жиында айтты. 

«Компанияның басшылығында бұрын қызмет істеген тұлғалардың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп бітті. Қазір біз күдіктілер мен жәбірленуші тарапты қылмыстық іспен таныстырып жатырмыз. Жалпы, 24 адамның үстінен іс қозғалған. Жымқырған қаржы көлемі 10 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Оның 4 млрд 200 миллионын Ермегияевтың өзі алғаны дәлелденіп отыр» деді агенттік төрағасы.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың 11 маусымы күні «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев қызметтен алынған болатын. Араға екі күн салып оның үйқамақта екені белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары