$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

Елімізде етті көп тұтынатындар Қарағанды, Павлодар және Алматы облысында тұрады. Жалпы ет және ет өнімдерін тұтыну бір тоқсанда екі пайызға өскен деп жазады Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, бір жылда ет түрлері мен ет өнімдерінің барлық түрі қымбаттаған. Жылқы етінің құны – 10,5 пайызға өсіп, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бір келі жылқы еті – 1745,5 теңге болған. Бағасы бір айда 0,3 пайызға өсті. 

Бір жыл ішінде 7 пайызға өскен шошқа етінің бір келісі 1302,5 теңге тұрады (бір айда 0,2 пайызға өскен).  Сиыр етінің бағасы бір жылда 6,7 пайызға өсіп, ал бір айда 0,9 пайызға өсіп, бір келі еті 1743,1 теңгеден сатылып жатыр.  Бір айлық көрсеткіш бойынша тауық еті едәуір қымбаттаған – 1,5 пайыз, бір келі ет – 798 теңге (бір жылда – 6,4 пайыз).

Қой етін тұтыну ҚР аумағында 22 пайызға өсіп, бір тоқсанда әр адам 1,9 келі етті тұтынған. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында қой етін тұтыну көрсеткіші 45 пайызға өскен. 

ҚР үй шаруашылығында ең көп тұтынатын ет түрі – сиыр еті: әр адам бір тоқсанда 5,7 келі тұтынады, өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға кем.  Тауық етін тұтыну 6,9 пайызға өскені және ауылды жерлерде бұл көрсеткіш 20,3 пайызды көрсеткен. 

Етті тұттыну көрсеткіші бойынша Қарағанды (22,3 келі адам басына), Павлодар (22 келі) және Алматы (21,8 келі) облыстары көш бастап тұр. 

Қалалық жерлерле Атырау (23,9 келі), Шығыс Қазақстан облысы (23,4 келі) және Ақмола (22,8 келі) облыстары көш бастады. 

Ауылды жерлерде ет тұтыну көрсеткіші бойынша Алматы (22 келі), Қарағанды (21,7 келі) және Маңғыстау (20,5 келі) облыстары тізімнің басында тұр. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары