$ 494.87  520.65  4.91

«200 мың теңге»: Балгерге барып алданған клиенттер оның үстінен арыз жазды

Алматы облысының 34 жастағы Т. есімді тумасы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Оның айтуынша, клиенттер оған өздері келген. Сондай-ақ, оның көрсеткен қызметіне қомақты ақшаны өздері беріпті деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Ол көбінесе әйелдерді алдап келген. Оларға неше түрлі дуалардан, қарғыстардан арылтуға уәде берген. Әйелдер балгерге сенген және нәтижеге жету үшін ақшаларын аямапты. Алаяқ бір клиентінен 200 мың теңге алған. Бірақ клиент өзі қалағандай нәтижеге жете алмапты. Алданған әйелдер полицияға арыз жазған», – дейді Әуезов ауданы полиция басқармасының полковник полициясы Әлішер Тұрсынбетов.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Newtimes.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары