$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл жолы қатты кетті»: Жезөкшені сомдаған Әсел Асқардың жұрт дымын қоймады (ВИДЕО)

Блогер Әсел Асқар тағы да ел назарында. Алғашқыда поэзиялық өлеңдер оқып, нәзік образымен танылған блогер соңғы кездері елдің көзіне ерсі әрекеттерімен түсуде деп жазады Stan.kz.

Әсел Асқар өзінің атынан ойнатылып жатқан кезекті «гивтің» жарнамасында жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдаған. Сюжет бойынша, Әсел ақша табу үшін арын сатады. Сөз соңында мұндай жолмен ақша тапқанша, өз байқауына қатысуға шақырады.

Желі қолданушылары Әселдің бұл қылығын аямай сынап тастады.

«Қазақстанның барлық қыздары жезөкшелік жолмен ақша табады дегісі келіп тұр ма? Қателесесің, сұлуым. Біз өз еңбегімізбен, ешқандай да аға-көкелердің көмегімен аяққа тұрып жатырмыз. Жарнама сұмдық. Бірінші кезекті өз намысыңызды аяққа таптадыңыз. Өте өкінішті», – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырмандар тобы басқа емес, дәл әнші Бүркіттің қарындасының осындай қылыққа барғанына күйінген.

«Бұл қызды таза әрі жақсы деп ойлағандарға таңғаламын. Рас айтасыздар ма? Мен мүлдем таңғалып отырған жоқпын. Бүркіт, өкінішті, қанша жылдан бері бедел үшін жұмыс істедіңіз, қарындасыңыз бүкіл отбасының абыройын айрандай төгу үшін бе?»,  – дейді тағы бір оқырман.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары