11.12.2018, 09:58

«Әйел сияқты киінеді»: Тойда ән айтып танылған кішкентай Инабат телеарнаға сұхбат берді (ВИДЕО)

Тойда ән айтып танылған Инбабат «Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Shanyraq» бағдарламасына қонаққа келді. Жас өнерпазға айтылатын сындарға ағасы әрі продюсері Асхат жауап берді. 

Студияға қоңырау шалған көрермендердің бірі «Неге әйел сияқты киінеді? Сүп-сүйкімді қызға әдемі киім кигізуге болмай ма?» деп сұрақ қойды. Ағасы Асхат тыңдарманның бұл сауалына былай деп жауап берді: 

«Қарындасым өзі көрсетеді «мына көйлек ұнайды» деп. Сосын мен неге осының киішкентайын тіктірмеске деп қалағанын істеймін. Бояуға келетін болсақ, ең алғаш осыдан 1 жарым жыл бұрын сахнаға шыға бастағанда бояндырғанбыз. Сын көп айтылған соң макияжсыз шығаратын болдық».

Инабат сабағынан қалмайтынын және болашақта әнші болуды армандайтынын айтты. Ол эстрада жұлдыздарының арасында Ерке Есмаханды ерекше жақсы көреді екен.