Бішкек қаласының Свердловск аудандық соты 11 желтоқсанда Марс Бодошевты Бурулай Турдаалықызын алып қашып, оны милиция бөлімінде өлтірді деп айыптап, 20 жылға соттады деп жазады Азаттық.
Судья Марс Бодошевтың кінәлі екендігі толық дәлелденгенін айтып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесті. Бодошевтың серігі Акмат Сейитов 7 жылға сотталды.
10 желтоқсанда өткен соттың жарыссөз кезеңінде прокурор соттан басты айыпталушы Марс Бодошевты «үйлену үшін қыз алып қашу» және «кісі өлтіру» қылмыстарына айыпты деп тануын сұраған.
Биыл 27 мамырда Шу облысының Жайыл аудандық ішкі істер бөлімінде 20 жастағы студент Бурулай Турдаалықызы қаза тапқан. Тергеу оны Марс Бодошев өлтірген деп тұжырым жасаған. Жігіт қызға үйленбек болып, оны алып қашқан. Милиция өлімінде қызды пышақтап, өзін де жарақаттаған. Сотта Бодошов қызды алып қашқанын мойындаған, бірақ оны өлтірді деген айыпты жоққа шығарған.