$ 445.66  474.58  4.78

Президент «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыс етті

Бүгін Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттады деп жазады ҚазАқпарат.

«Индустрияландыру саясатын табысты әрі нәтижелі жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз болып отыр. Біз бұл тұрғыда өз кәсіпкерлерімізге зор сенім артып, ауқымды жетістіктер күтеміз және сол үшін көмектесіп те жатырмыз. Отандық бизнес өкілдері ұлттық экономиканың тірегі және негізгі қорғаушы күші. Бүгін біз «Алтын сапа», «Парыз» ұлттық конкурстарында жеңіске кәсіпкерлерімізді марапатайық деп отырмыз. Осы конкурстың арқасында көптеген компаниялар нарықта танымал болып, жемісті жұмыс атқарып жүр. Сондай-ақ, бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде өңірлер бойынша бірінші орын алған облыс және аудан басшыларын атап өтеміз. Елімізді өркендетуге үлес қосқан еңбеккерлерді, барлық жеңімпаздарды шын жүрегімнен құттықтаймын», – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпыұлттық телекөпірде.

Сонымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіндегі республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі, ҚР Президентінің гран-приі «Қазцинк» компаниясына табысталды. Бұдан бөлек, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының «Ең үздік индустриалдық жоба» аталымында «AZALA Textile» ЖШС, ал «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «KazTechInnovations» ЖШС топ жарып, Елбасының қолынан «Алтын сапа» сыйлығын алды. «AZALA Textile» ЖШС мақта-мата өнімнің халықаралық өндірушісі ретінде танытты. Компания экспортының үлесі 65 пайызға жеткен. 

«KazTechInnovations» ЖШС бірегей көзілдіріктерді шығарады. Бұл құрылғылар 360 градус режімде бейне түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, рейтинг қорытындысы бойынша қолайлы жағдай жасауда үздік аудан атағын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы иеленді. Сондай-ақ, бизнес жүргізуге жағдай жасаған үздік өңір ретінде Қызылорда облысы танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары