Жаңалықтар 12.12.2018 сағат 03:13  187

Алматы облысында жаңадан салынып жатқан дүкен өртке оранды

Алматы облысы Талғар ауданында салынып жатқан дүкен отқа оранды. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлады.

Алматы облысында жаңадан салынып жатқан дүкен өртке оранды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«11 желтоқсанда сағат 19: 18-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысыТалғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы екіқабатты дүкеннің өртеніп жатқандығы туралы хабар түсті. Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының 400 шаршы метрін жалын шарпыған. Оқиға орнына 25 шақырым жерде орналасқан Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі  өрт сөндіру бөлімшесінің 6 қызметкері мен екі техникасы тартылды», – деп атап өтілген хабарламада.

Тілсіз жау 20:36-да ауыздықталып, 20:53-да толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар