Францияның шығысындағы Страсбург қаласында сейсенбі кешке қарулы адам тұрғындарға оқ атып, үш адам өлген. 12 адам жараланған. Бұл жайлы Францияның ішкі істер министрі хабарлады. Оқиға қала орталығындағы Рождество мерекесіне арналған сауда орнында болған.
Полиция күдіктіні іздеп жатыр. Құқық қорғау органдарының айтуынша, ол адам полицейлерге таныс. Бұрындары қылмыс жасаған. Жергілікті қауіпсіздік агенттіктері оның күдікті экстремистер тізімінде болғанын айтады.
«Страсбургте қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қатысты шаралар жүріп жатыр. Полиция тұрғындарға үйден шықпауын сұрады» деп жазды Twitter-де Францияның ішкі істер министрлігі.
Дереккөз: Азаттық