$ 447.4  477.55  4.76

KFC-ге тапсырыс берген бойжеткен тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты

Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты деп жазады news.com.au. 26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқсас нәрсе тапқан. 

Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырды. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктеді. Жазба лезде қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған. 

«Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған», – деп жазған Палмер.

KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары