Өрт 12 желтоқсан күні түнде сағат 01:12 кезінде Контейнерная көшесіндегі жер үйде болған деп жазады «Мой город».
«Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрайды. Өрттің себеп-салдары анықталуда. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 03:45 шамасында сөндіріліп бітті», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 3 өрт сөндіру техникасы және 13 адам жұмылдырылды.