«Бәйтерек» ғимаратында қыс мезгілінде 54 417 турист болып қайтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қаңтар-қараша айларында «Бәйтерекке» 627 532 адам келді. Ал осы қыста мұнда 54 417 турист, көктемде 89444, жазда 2785959, ал күзде 204 712 турист болды», – деп мәлімдеді
«Бәйтерек» монументінің баспасөз қызметінде.
Елорданың басты көрнекті ғимараты – «Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды. Ғимараттың биіктігі 100, шар құрылыммен есептегенде, 105 метрді құрайды. Шардың диаметрі – 22 метр.
Дереккөз: Tengrinews.kz