Алматыда өткен жарыс барысында мотоцикл мінген жүргізуші жарыс жолында құлап, мерт болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оқиға 13 шілде күні «Аю-Сай» тауындағы жарыста болған.
Ducati 1098 мотоциклін мінген жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың шетіндегі тосқауылға соқтығысқан. Салдарынан жарысқа қатысушы көптеген жарақат алып, тезарада емханаға жеткізілген. Оны жансақтау бөліміне алып келген. Бірақ, жарақаты тым ауыр болғандықтан ол азамат емханада мерт болған.
Оқыс оқиға жарыстың басында болған. Куәгерлердің айтуынша, қатысушы меженің алғашқы бөлігінде-ақ қателік жасап, мотоциклді басқара алмай қалған. Кейіннен ол тізгінді басқаруға қанша тырысқанымен жол шетіндегі тосқауылға келіп соғысқан.
Бұл жағдайдан кейін жарыс тоқтатылған. Дегенмен аз ғана уақыт өткен соң жарысқа қатысушылар қайта жолға шықты. Бірақ, қатысушылар 20 шақырымдық екі айналымның екі рет емес, бір рет айналып, кейін жарыс қайта тоқтатылған.