14 шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Казгидромет.
Кей аймақтарда найзағай соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық, кей жерлерде құмды дауыл болады деп күтілуде. Ақмола облысының жел жылдамдығы 15-20, кей аумағында тіпті 25 м/с күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында кей аумақта жел 15-20 м/с жетеді, найзағай, тұман болады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с құрап, Қызылорда облысында құмды дауыл болуы мүмкін.