Жаңалықтар 13.12.2018 сағат 03:16  162

Афинада атыс болды

Афины қаласындағы Омония орталық алаңына жақын маңдағы Критис көшесіндегі мейрамханада атыс болды. Бұл туралы сәрсенбіде News Bomb порталы хабарлады.

Афинада атыс болды

Алдын ала деректер бойынша, оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан. 

Ал өз кезегінде Protothema  газеті күдіктінің қылмыс орнынан мотоциклге мініп ізін суытқанын жазды. Куәгерлердің айтуынша, киллердің бірі адамды басынан атқан. Мерт болған - Албания тумасы. 

Құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеруде. Басылымның болжамынша, қылмыстық топтардың өзара есеп айырысуы адам өліміне ұшыратқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Соңғы жаңалықтар