Алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында күннің жылуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Сонымен қатар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығысындағы жазық жерлерде ауа райының жылы болуына байланысты қар еруі мүмкін.
Дереккөз: ҚазАқпарат