Астанада Air Astana ұшағындағы бортсеріктерге жолаушылардың бірі дауыс көтеріп, шу шығарған. Көп ұзамай, полицейлер оны ұшақтан шығарып жіберді деп хабарлайды транспорттық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тескеріс барысында «Астана-Алматы» рейсінде тәртіп бұзған ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екені анықталған. Сприттік ішімдікке тойып алған 65 жастағы жолаушы бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, басқа жолаушылардың да мазасын алған.
Ресей азаматы борттан шығарылып, әкімшілік құқықбұзғаны үшін 5 АЕК (12025 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Дереккөз: NewTimes.kz