13.12.2018, 10:48

Еліміздің оңтүстігінде күннің жылынуына байланысты ескерту жарияланды

Алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында күннің жылуына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Сонымен қатар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығысындағы жазық жерлерде ауа райының жылы болуына байланысты қар еруі мүмкін. 

Дереккөз: ҚазАқпарат