Семей қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Елена Свиридова табылды деп Altaynews.
Бұл ақпаратты «RINA. KZ-Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел растады.
Еленаның өзі туыстарына хабарласып, Украинаның Одесса қаласында екенін айтқан. Бірақ ол жаққа не себепті кеткені әлі белгісіз.
Айта кетейік, Елена Свиридова 2 желтоқсан күні достарымен кездесуге кетіп, содан қайтып үйіне оралмаған еді.