«Қазгидромет» хабарлауынша ауа температурасының төмендеуіне байланысты Қазақстанның алты өңірінде ескерту жарияланды.
21 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбырдың жауатыны, оның қарға ұласатыны хабарланып отыр, 22-23 қыркүйек күндері түнде ауа температурасының 0-5 градус суыққа жететіні айтылады.
22-23 қыркүйек күндері Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да жаңбыр жауып, оның қарға ұласатыны болжанып отыр, ауа температурасы түнгі уақытта 0-5 градус суыққа дейін жетеді.
Ал 22-23 қыркүйек күндері Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде түнгі уақытта ауа температурасының 0-5 градусқа төмендейтіні күтіледі.