Осыдан 2 күн бұрын ғана танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекті құдалары айттырып кеп, сырға салған еді. Сол-ақ екен Айсәуле күйеу жігітімен сүйіскен суретін Instagram желісіндегі парақшасына жүктеп қойды.
Қос ғашықтың үстіндегі киімдерге қарап, суреттің дәл сол күні түсірілгенін аңғару қиын емес. «Өмірлік ғашығым» деп жазба қалдырған Айсәулеге бірі бақыт тілесе, енді бірі әрекетінің теріс екенін айтып, тілдеп жатыр.
«Маскара елге ақыл айтып едің Айсәуле. Өзің одан да зор боп шықтың ғой. Айтарға сөзім жоқ. Үйлендік деп жабысу керек пе?», «Шешесінен көргені де. Жетіскен екенсің», «Бақытты болыңдар», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 17 желтоқсан күні Айсәуле Бақытбекке күйеу жігіт сырға салып, қазақы дәстүр бойынша құда түскен болатын. Той дастарханында Баян Алагөзованың құрбысы Мадина Балғабаева және танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт те болған.