$ 444.32  473.33  4.76

Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті

Қостанайлық тәртіп сақшылары 1968 жылы туған ер адамды іздеп жатыр деп жазады ҚазАқпарат.

Жақсылықов Жанболат Кеңесұлы 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. 

Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі ер адамға қатысты мәліметтерді жариялады: бойы - 165-170 см, ірі денелі. 

Үстінде көк түсті шаңғы костюмі, қара түсті бас киім, угги етігі болуы мүмкін. Полицейлер із-түзсіз жоғалған ер адам туралы ақпарат білетін тұрғындардың мына байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 87021530201, 52-68-61, 52-68-50 және 102.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары