19.12.2018, 09:47

Үндістандағы храмдардың бірінде 15 адам тамақтан ұшынып қайтыс болды

Үндістанның Карнатака штатындағы храмдардың бірінен тамақтанғандар жаппай уланып жатыр. Тұрғындардың 15-і қайтыс боп, 100-ден астамы ауруханаға жеткізілді деп жазады korrespondent.net.

Лабораторияда жүргізілген тексеріс барысында тамақтың құрамынан жүйке жүйесіне әсер ететін препарат табылған. 

Полицейлер осы іске қатысты тергеуді бастап кетті. Бірнеше күдікті тұтқындалды.