Семей қаласының тұрғыны Біржан Жақияновты туыстары жер-көктен іздеуде. 1994 жылы дүниеге келген жігіт 11 күннен бері табылмай жатыр деп жазады Алтайньюс.
Із-түзсіз кеткен жас жігіттің туыстарының сөзінше, Біржан желтоқсанның сегізі күні 72-ші кварталдағы үйінен шығып, Бесқарағай ауданына қарасты Стеклянка кентіне жол тартқан. Оны дәл осы елді-мекеннен көргендер бар болып шықты.
Бірақ қазіргі таңда жоғалған жігіттің қайда жүргені белгісіз.
Сол күні Біржан Жақияновтың үстінде қара көк түсті қыстық куртка, басына қара түсті бас киім киген болған.
Біржанды көрген-білгендер болса 8-747-349-57-17 немесе 102 нөмірлеріне хабарласса болады.