$ 448.15  483.46  4.86

Доллар 2 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 370,98 теңгені құрады деп хабарлайды KASE. 

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,97 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 370,52 теңге, ал ең жоғарысы - 372,5 теңге болған. Сауда көлемі 153,2 млн долларды құрады. 

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 372,95 теңгені, күндізгі сессияда 372,39 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 372,49 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 101,75 млн доллар болды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары