$ 441.66  475.14  4.86

Екі Аяз ата көшенің ортасында бір-бірімен төбелесті (ВИДЕО)

Украинаның Одесса қаласындағы Дерибасов көшесінде 17 желтоқсан күні көрермендердің алдында екі Аяз ата бір-бірімен төбелесіп қалды деп жазады liga.net.

Мұстафа есімді Аяз ата шыршаның жанында жүрген екіншісіне басқа жаққа кетуін талап етіпті. Сол уақытта төбелес баталып кеткен. 

Шырша мен Аяз атаны тамашалауға келген көрермендер абыр-сабыр болыпты. Әйелдер шыңғырып, балалар жылаған. Ал жұдырықтасқан екі Аяз атаны ақшақар ажыратпақшы болғанымен, онысынан түк шықпапты.

Төбелестен кейін Тимур есімді Аяз ата Дерибасов көшесіне әртістерді қасақана шақыратынын айтты. Яғни, олардан шыршаға қатысуы үшін ақшақар ақша жинап алады екен. Содан орынға таласу басталатын көрінеді.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары