20.12.2018, 09:08

Ақмола облысында ер адам далада үсіп өлген

Степногорск қаласындағы көшелердің бірінде ер адам далада үсіп өлген деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлер марқұмның өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 40-50 жас шамасындағы тұрғынның кім екені әлі анықталған жоқ.