$ 514.65  544.6  5.17

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қостанай облысының Рудный-Кашар тасжолында ірі апат болды. Үш адам көз жұмды деп жазады Stan.kz.

Тасжолда екі көлік бетпе-бет қақтығысқан. Соның салдарынан 3 адам мерт болды. Екі адам зардап шекті. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«20 желтоқсан күні таңертең Рудный-Қашар тасжолында «Ауди» мен «Дэу нексия» көлігі соқтығысты. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, үш адам мерт болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазір апатқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары