$ 498.34  519.72  4.85

Головкин WBC чемпионы Джермалл Чарломен кездесуден бас тартуы мүмкін

TALKsport.com порталының журналисі Майкл Бенсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің орта салмақта WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарломен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін бөлісті деп жазады Sports.kz.

«Кездесуге кедергі болатын жағдайлар туындауы мүмкін. Өйткені Головкин мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін еркін агентке айналып, болашағын болжап отыр. Егер 36 жастағы боксшы Showtime-мен келісімшартқа отырса, Чарломен кездесу ұйымдастыру оп-оңай болады. Егер басқа жолды таңдаса, WBC туралы ұмыта беруіне болады», - дейді сарапшы.

 WBC президенті Маурисио Сулейман да Чарло мен Головкиннің кездесуіне үміт білдіретінін айтқан болатын. 

«Чарло мен Головкин кездесіп, оның жеңімпазы 2019 жылдың қыркүйегінде «Канеломен» жекпе-жек өткізеді деп үміттенемін», - деген еді Сулейман. 

Еске сала кетейік, қазан айында WBC Головкин мен Чарло арасындағы жекпе-жекке санкция шығарған, бірақ оған тараптардың ешбірі қызығушылық білдіре қоймаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары